"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

03 Сәуір 2020

Онлайн режиміндегі «Сыйлық конверт» шеберлік сағаты


      Қазіргі уақытта оқырмандардың кітапханаларға баруы тоқтатылғанына қарамастан, біздің жұмысымыз қашықтықтан жалғасуда, біз әлеуметтік желілердегі өзіміздің жазылушыларға электронды форматта оқуға арналған қызықты кітаптарды ұсынамыз, танымдық ақпаратпен таныстырамыз, байқауларға қатысуды, логикаға арналған есептерді, ребустарды, кроссвордтарды, викториналарды ұсынамыз, сондай-ақ онлайн-қосылулар арқылы оқырмандармен кездесеміз.
    Қоңырат ықшам ауданында орналасқан №5 балалар кітапхана-филиалы «Күншуақ» клубына келетін мүмкіндігі шектеулі балалармен Zoom бағдарламасы арқылы «Сыйлық конверт» атты шеберлік сағатын ұйымдастырды. Біздің ақылды балаларымыз бір-бірін көруге және сөйлесуге шын жүректен қуанышты болды, содан кейін олар өз бұйымдарын үлкен ынтамен және шеберлікпен жасады. Біз жақын арада оффлайн кездесеміз деп үміттенеміз!
https://www.youtube.com/watch?v=WDclfF6VTn8

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика