"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

26 Наурыз 2020

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ФОТОБАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНАДЫ!!!


     1937 жылғы 11 сәуір - Қаламыздың пайда болған күні қарсаңында, біз, барлық тілек білдірушілерге, жас шамасы шектелмейді, ең бастысы – белсенді, қызықты, шығармашыл, өзінің кіші Отанын сүйетіндерге біздің «Мен Балқашты сүйемін!» онлайн - фотобайқауына қатысуды ұсынамыз. Біздің қаламыздың табиғатының қорық бұрыштарының, аллеялардың, гүлзарларының, оның ескерткіштерінің, ғимараттарының және т.б. жерлеріндегі Сіздердің қызықты суреттеріңізді күтеміз.
     Байқаудың жалғыз шарты: әрбір қатысушыдан - тек бір ғана фотосурет қабылданады және ол өзі түсірген болуы тиіс, ғаламтордан алынған суреттер қабылданбайды, егер мұндай жұмыстар байқауға түскен жағдайда, онда авторлық құқықты сақтау үшін барлық жауапкершілік оны жіберген қатысушыға жүктеледі. Автордың АӘТ, байланыс телефоны және суреттің атауы немесе суретке ілеспе мәтіні көрсетілген фотожұмыстар 06.04.2020 дейін cbss@list.ru электронды поштаға қабылданады. Содан кейін, 7 сәуірде жіберілген барлық жұмыстар фейсбук пен инстаграммдағы біздің беттерде орналастырылып, қашықтағы пайдаланушылар дауыс береді, дауыс беру 15 сәуірге дейін жалғасады. Осы күнге дейін лайктердің көп санын жинаған үш фотосуреттің авторлары (мұнда екі әлеуметтік желі беттеріндегі лайктердің жалпы саны ескеріледі) – жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтарға ие болады!!!
     Фотобайқаудың қорытындысын шығару және лайықты марапаттарды тапсыру Халықаралық Кітап және авторлық құқық күніне орай, 23 сәуірде дәстүрлі түрде өткізілетін «KITAP FEST» фестивалінде жоспарланып отыр.  Белгілі себептерге байланысты шараның өтетін күні өзгеруі мүмкін, бірақ марапаттар міндетті түрде жеңімпаздарға табысталады.
      Ойланыңыз, жасап көріңіз, біз сіздердің жұмыстарыңызды асыға күтеміз!

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика