"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

11 Наурыз 2020

«Ұлы даланың Ұлы ақыны» кітапханалық бульвар


     Қазақтың ұлы ойшылы, философ, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толу мерейтойына орай қаламыздың кітапханалары Балқаштың түрлі аудандарында, саяжолдар мен аулаларда «Ұлы даланың Ұлы ақыны» атты кітапханалық бульвар акциясы тұрақты түрде өткізілуде. Акция аясында №3 кітапхана–филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Сатпаев ықшам ауданының №10 үй ауласының тұрғындары арасында кемеңгер тұлға туралы сауалнамалар жүргізілді. Қала тұрғындарының әсіресе жас буынның Абай шығармашылығын білгені көңіл қуантады. Сондай-ақ шара барысында Абай шығармалары, соның ішінде өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, ақын туралы тағылымды ойларымен бөліскен қала тұрғындарына кітаптар сыйға беріліп, ұлы ақынның өмірбаяны мен қара сөздері жазылған буклеттер таратылды.
     Ұлы ақын және данышпан философтың баға жетпес мұрасы – қазақ халқының ғасырлар бойғы мән-маңызын жоймайтын рухани негізі мен әлем мәдениетінің асыл қазынасы іспеттес болып қала бермек.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика