"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

05 Наурыз 2020

Халықаралық әйелдер күні


     Гүл көктемнің жүрекке жылы, мейірімді мерекесі - Халықаралық əйелдер күні. Табиғат тіршілігі көктемнен басталса, адамзат өз өмірінің бастауын –Анадан алады. Біздің аналарымыз - жарқын істерді бастаушы, ел бірлігінің ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі.
     С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханадағы «33 ойлар» үйірмесінің жұмысы жалғасуда. Мереке қарсаңында талантты да дарынды оқырмандарымыз бен үйірменің тұрақты мүшелері жиналып,  көтеріңкі көңіл-күйде аналарына, ұстаздарына арнап тұрмыстық бұйымдардан құттықтау  қағаздарын, бисер, ұсақ моншақтардан гүлдер жасады. Бүгінгі таңда «33 ойлар» үйірмесіне қызығушылық артып, үйірме мүшелерінің саны күн санап өсуде.
     Қоңырат мөлтек ауданында орналасқан №5 балалар кітапхана-филиалында ЖББ №25 мектептің 3-4 сынып оқушы қыздарымен бірге мүмкіншілігі шектеулі балалардың қатысуымен «Анаға қарап қыз өсер» атты шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шараға жиналған қыздарды кітапханашы мерекелерімен құттықтап, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінің тарихын қысқаша әңгімелеп өтті. Балалар түрлі-түсті қағазды, бояуды, мақта дискілерді, пластик стақандарды пайдаланып, әдемі сыйлықтар жасады. Балалардың жасаған сыйлықтарына аналары ерекше қуанып, алғыстарын білдірді.
     Шұғылалы көктемнің ең әдемі мерекесінің бірі - 8 наурыз аналар мерекесіне орай №4 «Сырлас» кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Балдырған» балабақшасында «Ана – өмірдің ажары» атты мерекелік калейдоскоп өткізілді. Балалар шара барысында аналарға арналған өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Бүлдіршіндердің белсенділігі, мерекелік көңіл – күйлері, ән айтып, би билеулері жарасымды болды. Бүгінгі күн қуанышқа, бақыт пен мейірімділікке толы мерекелік жағдайда өтті.
     Ал, Саяқ кентінің №6 кітапхана-филиалының қызметкері №6 орта мектебінің 4 «А» сынып оқушыларына «Сүйікті анаға арналған құттықтау» дайындау шығармашылық сағатын ұйымдастырды. Балалар шеберлік пен ой-қиялдарын ұштастырып өздері жасаған құттықтау хаттарында аналары мен әжелеріне деген махаббаттарын білдірді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика