"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

04 Наурыз 2020

«Ұлы даланың Ұлы ақыны» кітапханалық бульвар


     Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай елімізде әртүрлі іс-шаралар өтуде. С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлы даланың Ұлы ақыны» кітапханалық бульвар» акциясы бастау алды. Мақсатымыз: Данышпан Абайдың өнер - білім туралы өсиеттерін, өлеңдерін паш ету. Қала тұрғындарының ақын поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтай дана, Абайдай дара елдің ұрпағы екендіктерін сезіндіре отырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
     Акция барысында оқушылар мен студенттер Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін және ақынға арнауларын оқыды. Қала тұрғындары арасында Абайдың Пушкиннен аударған «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», Крыловтан аударған мысалдарын жатқа айтып ерекше көзге түскендер де болды. Шара соңында жиналғандармен интеллектуалды викторина өткізіліп, Ұлы ақынның өмірбаяны мен қара сөздері жазылған буклеттер таратылды. Абайдың мерейлі жылына байланысты кітапханалық бульвар қаламыздың көптеген көшелері мен аулаларында өткізілетін болады. Баршаңызды қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тұлғаның таңдаулы туындылары мен нақыл сөздерін тамсана тамашалауға шақырамыз.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика