"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

28 Ақпан 2020

Алғыс айту күніне


     Алғыс айту күніне және ҚХА 25 жылдығына арналған іс-шараларға С.Сейфуллин ат. ОҚК-нан басқа ОКЖ-нің өзге  кітапханалары да атсалысты.
Бұл мереке басқа ұлт өкілдерінің қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні және Мәңгілік Елдің бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім.
     №1 кітапхана-филиалында «Шын жүректен алғыс айтамын» мерекелік басқосу өткізілді. Кітапханашы «Тарихтан тағылым - өткенге ұлағат» кітап көрмесіне шолу жасай келе, оқырмандарымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу мақсатын талқылап, патриотизмге үндейтін мемлекеттік мерекеге қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Ф.Оңғарсынованың «Достар әні», Л.Жанботақызының «Отбасым - менің Отаным», Б.Мажитовтың «Мәңгілік Ел» қақпасы» өлеңдері оқылып, қатысушылардың бәрі «Шаттық шеңберіне» жиналып бір-бірлеріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік шараға келгендер кешірім – адамгершіліктің арқауы болса, алғыс айту – берекелі бірліктің бастауы екенін жақсы түсініп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.
     №2 кітапхана-филиалының қызметкерлері осы мереке аясында «Айгөлек» балабақшасының жоғары топтағы бүлдіршіндерімен «Ата – анам алтын тұғырым» атты сурет байқауын өткізді. Балаларға бұл күн, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске алып, ата-аналарымызға, бір-бірімізге алғыс айтатын, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырып, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген достық пен махаббат сезімдерін білдіретін мереке екені айтылды. «Алғыс» сөзіне өмірден мысалдар келтіріп, барлық қатысушылар «алғыс», «достық», «мейірімділік» тақырыбына салған суреттері туралы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Байқау соңында белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.
     Қоңырат ықшам ауданында орналасқан №5 балалар кітапхана-филиалында «Алғыс айтуды ұмытпайық» атты мектеп оқушылары арасында ертеңгілік өткізілді. Кеш барысында жүргізушілер көрермендерді Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, оның тарихына тоқталып өтті. Мерекелік іс-шарада ЖББ №3,  ЖББ №25 оқушылары «қазақ», «өзбек», «үнді» билерін билеп, 8«А» сынып оқушысы А.Кәрімханның «Бір үйдің баласындай», - деп шырқаған әні көпшілікке керемет көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар әр ұлт өкілдері бір-біріне деген жақсы тілектерін айтып, жағымды эмоцияларымен бөлісті. Әр оқырман жақсы көңіл күй сыйлағандары үшін кітапханашыларға өз алғыстарын білдірді.
     Саяқ кентінің №6 кітапхана-филиалының қызметкері ЖББ №6 орта мектебінің кітапханасында 7 «ә» сыныбының оқушыларымен «Алғыс - сөздің асылы» атты мейірімділік сағатын өткізді. Шара барысында оқушыларға Алғыс айту күні туралы түсінік бере отырып, осы өмірге деген ризашылығымызды әрқашанда білдіріп, жанымыздағы жақын жандарға алғысымызды айтып жүру - бұл біздің парызымыз екенін түсіндірді. Балалар өз алғыстарын қағазға жазып, ризашылықпен тарқасты.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика