"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

27 Ақпан 2020

«Біз Алғыс білдіреміз» кездесу-диалогы


     1 наурыз – Алғыс айту күні, сондай-ақ осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толады. Алғыс күні өте маңызды мерекелердің бірі. Бұл жаппай қуғын-сүргін кезеңінде жер аудару нәтижесінде біздің елімізге келген түрлі этностардың миллиондаған адамдарын қонақжайлықпен қабылдаған қазақ жері мен мейірімді халқына ризашылық білдіру. Олардың бәрі Қазақстанда жаңа Отан тауып, қиын уақытты қазақ халқымен бірге өткерді.
     27 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Біз алғыс айтамыз» атты кездесу-диалог өткізілді. Бұл шарада «Возрождение» неміс орталығының, «Согласие» славян орталығының, корей орталығының, «Әнемен» татар орталығының, «Вайнах» шешен-ингуш орталығының өкілдері мен Р. Қошқарбаев атындағы көпсалалы колледж және техникалық колледжінің студенттері кездесіп, көпұлтты Қазақстанда тұратын ұлттардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, достығы мен бірлігі туралы өз ойларымен және сезімдерімен бөлісті.
     «Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отыр. Біз жыл сайын, осы кітапхананың «Достық» клубында кездесеміз. Біздің ұлттық салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтауға көмектескен адамдарға үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Біздің кездесулеріміз әрдайым дәстүрлі, жүрекжарды және жылы болсын деп тілеймін», - деді «Согласие» славян орталығының төрағасы Н. А. Гильфер. Бұл пікірмен қаланың этномәдени орталықтарының өзге де өкілдері толығымен келісетіндерін білдірді. ЖББ №10 мектебінің «Радуга» вокалды тобының орындауындағы әңдер барлық қатысушылар үшін тамаша сыйлық болды.
     Кездесу соңында Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Л.Власова және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы, «Достық» клубының жетекшісі А.Арзымбетова ұжымның атынан Алғыс хаттар табыс етіп, этномәдени бірлестіктерге жемісті қызметі мен кітапханалардың қоғамдық рөлін жүзеге асыруда белсенді көмек көрсеткендері үшін ризашылығын білдіріп, оларға бақыт пен амандық тіледі.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика