"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

27 Ақпан 2020

«Табыс күнделігі» кәсіби алаңы


     «Кәсіби құзыреттілікті арттыру - мамандарды сапалы даярлаудың маңызды шарты» жобасын жүзеге асыру аясында Қоңырат ықшам ауданының №5 кітапхана-филиалында кітапхана қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу бойынша «Жетістік күнделігі» кәсіби алаңы өтті. Бұл шара әсіресе жаңадан қызметке тұрған кітапханашыларға өте пайдалы болды. Осы кездесуді кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды.
     №5 кітапхана-филиалының меңгерушісі А. Сәрсекеева шағын экскурсия өткізіп, ағымдағы жылдың мерейтойларына арналған көрмелермен таныстырды, жинақталған жұмыс тәжірибесімен бөлісті, өткізілген ірі іс-шаралар туралы, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Күншуақ» клубының жұмысы туралы әңгімелеп, өзінің библиографиялық құралдары, буклеттері, бетбелгілерімен таныстыра отыра, өз кітапханасының жетістіктерін айтып, мәселелерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
     Сондай-ақ кездесу барысында іскерлік ойын және пікір алмасу өткізіліп, ОКЖ қызметкерлері болашақта жұмыста болатын қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін белгілі бір кәсіби дағдыларды пысықтады.  Бейресми қарым-қатынас, алған жаңа тәжірибе, жетістіктер мен проблемаларды талқылау әрқайсысына өзінің алдағы қызметінің болашағы мен стратегиясын белгілеуге, өзінің кәсіби дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.   
     Кәсіби алаңның жұмысы аяқталғаннан кейін барлық әріптестер №5 кітапхана-филиалының қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдіріп, алған жаңа білімдері үшін алғысын білдірді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика