"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

26 Ақпан 2020

«Экологиялық ассорти» экоквизі


     Жер - адам баласының асыл қазынасы, бірақ өкінішке орай адамзат табиғатқа немқұрайлықпен қарайды. Бүгінгі таңда ерекше толғандырып отырған ең басты мәселе – ол экологияны қорғау. Осыған орай, 26 ақпан күні №2 кітапхана-филиалының қызметкерлері №17 мектеп-лицейінің 7-8 сынып оқушыларымен «Экологиялық ассорти» атты экологиялық квизін өткізіп, табиғаттың ғажайып әлеміне қызықты саяхат шекті. Жеті геймнен тұратын зияткерлік-ойын-сауық шайқасына үш команда қатысты. Балалар «Эрудиттер», «Аналитиктер», «Көшбасшымен жарыс», «Шағым кітабы», «Қоршаған табиғат», «Сәбилер үнімен» атты геймдерге қатысу барысында, өздерін табиғатты тамаша білетіндерін және сүйетіндерін көрсетті. Күрделі сұрақтарға жауап беру, жұмбақтар мен ребустарды шешу үшін балалар тарапынан едәуір тапқырлық  пен эрудиция, сонымен қатар актерлік қабілеттерді де қажет етті.
     Экоквизді қорытындылай келе оқушылар қоршаған айналаны тану және аялау керек деген ортақ пікірге келді. Ойынның барлық қатысушылары дипломдармен марапатталды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика