"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

21 Ақпан 2020

«Шығыстың ғұлама ғалымы - Әбу Насыр әл-Фараби» тарихи керуен


     Биылғы жылы көптеген мерейлі күндерді атап өткелі отырмыз. Соның бірегейі, түбірі бір түркі әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы тұлға, адамзаттың ақылгөйі, ғалым, филосов, ақын, физик-алхимик, математик, астролог, ұлы ойшыл - Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты романы бойынша №3 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Шығыстың ғұлама ғалымы Әль-Фараби» атты тарихи керуен өткізілді.}|
     Іс-шара барысында Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» роман негізінде Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаяны бейнебаян арқылы көрсетіліп, кітапханашы оның шығармашылығы жөнінде кең тұрғыда әңгіме өрбітті. Тарихи керуен барысында ұлы тұлғаның еңбектері таныстырылып, жас оқырмандарымыз роман бойынша өз ойларымен бөлісіп, қызықтырған сауалдарға тұшымды жауап алды. Шара соңында Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен еңбектеріне арнайы қойылған кітап көрмесі ұсынылды. Ғұламаның өшпес даналық ойлары мен еңбектері бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жоғалтпай, жастарды патриоттық, адамгершілік рухында тәрбиелеуде құнды мұра екені сөзсіз.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика