"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

21 Ақпан 2020

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын талқылау.


     2020 жылдың 21 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы кітапхана қызметкерлері арасында талқыланды.
     Жиынға қатысушылар мақаланың бес тармағына жан-жақты тоқталып, Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде мемлекет тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз екенін атап өтті. Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың асыл мұрасы - баршамызға қашанда рухани азық, халқымыздың бірлігі мен дамуына жол ашар қасиетті байлығы.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика