"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

14 Ақпан 2020

«Ерлік шыңы» ауған соғысының қатысушыларымен кездесу


     15 ақпан 1989 жыл. Бұл күн тарихқа Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні ретінде кірді.
     №17 мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушылары үшін БӘД оқытушы-ұйымдастырушысы А.М.Левковичтің басшылығымен №2 кітапхана-филиалында ауған жауынгерлерімен осы оқиғаның 31 жылдығына орай «Ерлік шыңы» атты кездесу өтті. Іс-шараға Ауған соғысының қатысушылары – балқаштықтар Б. Мухамедиев, Т.Балқыбеков, В. Лобановский шақырылды. Кездесуге қатысушылар соғыс кезіндегі әскери достық пен өзара көмек, әскери борыш пен ар-намыс туралы айтып, қиын уақыттарда туындаған қиыншылықтар мен шағын қуаныштар туралы эпизодтармен бөлісті. Кездесу кейіпкерлері мен балалар арасында жылы әңгіме өрбіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Жиналғандардың назарына «Афганская статистика», «Опять тревога», «Хроника Афганистана» бейнесюжеттері және «Эхо Афганистана» бейнеролигі ұсынылды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика