"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

14 Ақпан 2020

«Кітап – табысқа апарар дара жол» іскерлік алаңы


    С.Сейфуллин атындағы ОҚК-ның коворкинг-орталығында «Bookdating - кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы аясында, «Кітап – табысқа апарар дара жол» іскерлік алаңында табысты адамдармен кездесулер жалғасуда. Балқаш қаласы әкімінің «Өркен» сыйлығының «Жастар лидері - 2019» номинациясының иегері, «Creative Art» клубының және «ONE POWER» еріктілер клубының жетекшісі Маржан Темірғалимен кездесу өтті. Басқосуда спикер білімін шыңдауға, тілін, рухани ой-өрісін дамытуға септігін тигізген М.Әуезовтың «Абай жолы», М.Мағауинның «Аласапыран», сонымен қатар Б.Трейси «Действуй разумно», Д.Карнегидің «Как завоевать друзей и оказывать влияние на людей» және т.б. мотивациялық кітаптары жайлы ой бөлісіп, кітап оқу арқылы шыңдала түскенін әңгімеледі. Осы әдебиеттерді оқуға кеңес берді. М.Темірғалимен келген «ONE POWER» еріктілер клубының мүшелері осы клуб жайлы айтып, атқаратын жұмыстарына тоқталды. М.Темірғали жастарды клубқа мүше болуға шақырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Маржанның үлгі боларлықтай істеріне қызығушылық танытқан қатысушылардың тарапынан сұрақтар көп қойылды. Сергіту сәтінде қатысушы жастардың  қағаз бетіне түсірген суреттеріне қарап, спикеріміз әрқайсының табиғаты қандай екенін сыйпаттап берді.    Мұндай кездесулер әр адамның тұлға ретінде дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Жоба аясында өңірге танымал кісілермен кездесулер жалғасын таппақ. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика