"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

11 Ақпан 2020

«Кемел тұлға» әдебиет алаңы


     Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекет сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы Мұхтар Мағауин 80 жасқа толды. Еліміздің көрнекті тарихшысы әрі жазушысы қаламынан тамған еңбектер құнды әдебиеттер қатарынан саналады. Тарихи және көркем шығармаларда жазушы тарихи кезеңнің, адамдардың өмірінің, олардың салт-дәстүрлерінің, армандарының, жақсылыққа ұмтылыстарының, туған жерге деген сүйіспеншілігінің қайталанбас үлгісін жасайды.
   Осы ретте №1 кітапхана-филиалында жазушының мерейтойына арналған «Кемел тұлға» әдебиет алаңы өткізілді. Шараға №2 мектеп–лицейінің оқушылары қатысып, жазушының шығармашылық жолындағы ізденістері, азаматтық есеюі, мақсат-мүдделері туралы мәліметтерге қанық болып, бейнеролик көрсетілді. М.Мағауин шығармашылығы жайлы шағын ойды қорыта келіп, жазушының қазіргі қазақ әдебиет тарихында көрнекті орын алған тұлға деп тұжырымды пікір түюге болады.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика