"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

24 Қаңтар 2020

«Табиғатты сүйе біл!» экологиялық ойын


     Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Бүгінгі таңда аса күрделі мәселелердің бірі - ол экологиялық дағдарыс. Егер жақын арада адамзат табиғат ресурыстарын тиімді пайдалану мен қорғауды үйренбесе, тіршілік көзінің дамуына қауіп төнеді. Ол үшін жасөспірімдердің экологиялық білімін көтеру мен жауапкершіліктерін тәрбиелеу қажет.

    24 қаңтар күні №2 кітапхана-филиалының қызметкерлері №17 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары үшін «Табиғатты сүйе біл!» атты экологиялық ойынын ұйымдастырды. Оған қатысу үшін әрқайсысы бес адамнан құралған екі команда тағайындалды. Бірінші топ «Бүркіт» , ал екінші топ «Күншуақ» деп аталды. Конкурстық бағдарлама «Жаттығу», «Епті балықшылар», «Табиғаттың белгілері», «Сипаттамасы бойынша жануарды анықта», «Саңырауқұлақ шанағы», «Серуен», «Ертегі құрастыр» кезеңдерінен тұрды. Жоғары қарқынмен басталған сайыс, соңына дейін өте белсенді өтті. Оқушылар жан-жақты білімдерін, ептіліктерін және қабілеттерін көрсете алды. Әрбір ұпай үшін қызу тартыс жүрді. Сонымен қатар, балалар «Ертегілер – біздің досымыз» атты викторинасына қатысып, орыс және шетел ертегілерін де жақсы білетіндерін байқатты. Бұл ойында достық женді. Шара соңында барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика