"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

17 Қаңтар 2020

«Үздік оқырмандар шоқжұлдызы» оқырмандар бенефисі


     Әр кітапхананың білім алуға құштар және оқуды ерекше сүйетін тұрақты оқырмандары бар. Ең сенімді де белсенді оқырмандарын анықтау үшін №1 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Үздік оқырмандар шоқжұлдызы» атты бенефисін ұйымдастырды. Қызметкерлер оқырман формулярларын мұқият талдап, өздерінің аса тұрақты кітап сүйер қауымын анықтады. Әрине, олар жасы да, қызмет түрі де, қызығушылықтары да әр түрлі санаттағы адамдар. Бірақ солардың барлығын біріктірген – ол кітап пен оқуға деген құштарлық. 

     Жыл қорытындысының нәтижелері бойынша үздік оқырмандар келесі номинацияларда марапатталды: «Кітап оқу лидері-2019» - Павлик О.Р., «Талғампаз оқырман» - Сұлтанова М.К., «Ең үздік пікір иесі» - Сәрсенбай Н. С., «Өлең сөздің білгірі» - Аронова Д.Қ.

     Іс-шара достық пен жылы мерекелік атмосферада өтті. Кітап оқу мен білім алудың пайдасы туралы көп дана сөздер айтылып, оқырмандардың кітапхана атына арнаған құттықтау сөздері ерекше қуантты. Ал  кітапханашылар сенімді оқырмандарына алғысын білдіріп, барлығына жеке және қоғамдық өмірде үлкен табыстар мен жетістіктер тіледі.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика