"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

10 Қаңтар 2020

«Дәуір суреткері» әдеби дилижанс


     Халқымыздың даңқты жазушыларының бірі, Қазақ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, ақын І.Есенберлиннің туғанына 105 жыл толуына орай С.Сейфуллин атындағы ОҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №9 мектебінде «Дәуір суреткері» атты әдеби дилижанс өткізілді. Әдеби шараға мектептің 10-сынып оқушылары қатысты.

     Шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен қызметі, шығармашылығы, аудармалары, «Алтын орда», «Көшпенділер», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар» т.б. оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылары жайлы әңгімеледі. Оқушылар «Көшпенділер» трилогиясындағы өлең-жырлардан үзінділер оқып, шығарма бойынша ойларын ортаға салды.

     Аталмыш шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагимбекова Д.Р. Ільяс Есенберлин еңбектерінің ұлттық мүдде үшін қызмет атқарғаны, ұлттық санамызды оятуға, тарихи тамырымызды тануға әлі де ықпал-әсерінің мол болатынын баса айтып өтті. Соңында әдебиет қайраткерінің ізденіс жолы нан сыр шертетін бейнефильм көрсетілді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика