"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

10 Қаңтар 2020

Қысқы каникулдағы қызықты кітапхана


     Қысқы каникулды Қоңырат ықшам ауданында орналасқан №5 балалар кітапхана-филиалы керемет көңіл күймен қарсы алды. Кітапхана күн сайын кішкентай оқырмандар үшін есігін айқара ашты. Жаңа жылдың алғашқы күнін Н.И.Сладковтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Заходи в зеленый дом» ойын саяхатпен бастады. Ойын барысында балалар жазушысы, табиғат туралы 60-тан астам кітаптың авторы Н.И.Сладковтың табиғат, құстар, орман жануарлары, балық, жәндіктер, шөлдің өсімдіктері туралы шығармаларын еске алып, ребус шешіп, табиғат жайлы сурет салып жарысты. Сонымен қатар, Қазақстанның халық жазушысы, драматург, есімі туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазылған Қадыр Мырза Әлінің 85 жылдық мерейтойына орай ақынның шығармашылығына арналған «Өлең өлкесінің қыраны» атты әдеби караоке өткізілді. Мәдени іс-шараның ерекшелігі жетерлік. Кеш шымылдығы «Атамекен» әнімен ашылды. Әуен ойнасымен, көрермендер арасынан мәтінін жатқа білетін кез келген адам орнынан тұрып, ақынның сөзіне жазылған әндерін шырқады. «Қазақ осы», «Апам үшін», «Цыған серенадасы» сынды әндерді жиналған оқырмандар ұйып тыңдады. Сондай-ақ, ақынның өмірбаянынан сыр шертіліп, таңдаулы өлеңдері оқылды. Оның лирикаға толы шығармашылығы іс-шараға келгендердің көңілінен шықты.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика