"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

10 Қаңтар 2020

«Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» поэзия алаңы


     Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай №1 кітапхана-филиалында «Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» атты поэзия алаңы өтті. Іс-шарада ақын өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет берілді. Қадыр ақынның елін шексіз сүйе білгендігі, халқына қалтқысыз қызмет етіп, рухани мол мұра қалдырып кеткендігі жөнінде әсерлі естеліктер айтылып, «Ұлты мақтаған ұлы тұлға» атты бейнефильм көрсетілді. Ақынның туған ел туралы өлеңдерін мектеп оқушылары Аманбай Алданыш, Айтан Аружан, Нұрғожаев Нұрдос оқыды. Аталмыш шараның соңында белсене қатысқан оқырмандарымызға сыйлықтар тапсырылды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика