"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

09 Қаңтар 2020

«Кітапханамен таныстыру» саяхаты


     2020 жылдың 08 қаңтар күні оқушылардың қысқы демалысын тиімді пайдалану мақсатында ЖББ №8 орта  мектебінің 4 «А» сынып оқушыларын С.Сейфуллин атындағы ОҚК-мен таныстыру үшін биылғы жылдың алғашқы саяхаты  ұйымдастырылды. Кітапхананың  не себепті Сәкен Сейфуллин атында екендігін балаларға кітапханашы түсіндірді. Оқушылар кітапханамыздың әрбір бөлімімен, белсенді оқырмандарға арналған акцияларымен және көрмелермен танысты. Балаларға коворкинг орталығы қатты ұнады. Экскурсиядан кейін оқушылардың көбі кітап оқуға және ойын ойнау үшін кітапханада қалды. Ойларымен бөлісіп, қойылған викториналық сұрақтарға белсенді жауап берді. Оқушылар өз ойларындағы болашақ кітапхананы сурет салу арқылы қағаз бетіне түсірді. Балалар өте көтеріңкі көңіл-күйде жетекшілерімен үйлеріне тарасты.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика