"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

27 Желтоқсан 2019

2019 жылдың ең үздік оқырмандарын марапаттау


     Әрбір кітапхана өзінің «алтын» қорын – ең адал, ақылды, белсенді оқырмандарын мақтан тұтады. Техникалық жағынан толық жабдықталған, заманауи кітапхана болса да, оның басты құндылығы – әрине оқырмандар. Міне, 2019 жыл аяқталуға жақындап, біздің тұрақты оқырмандарымыз арасында қорытынды жасауға уақыт келді!

     27 желтоқсан күні А. Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында 2019 жылдың ең үздік оқырмандары марапатталып, сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.

     Салтанатты марапаттаудың басты кейіпкерлері Мәнжұғұл Әділет, Мәнжұғұл Іңкәр, Журавлева Юлия, Фикс Снижиника, Жумажанова Әлия, Азаматқызы Шырын, Ли Елизавета, Дудин Артем, апалы-сіңілі Смагулова София және Камила, Жазыбек Диляра болды.

    Бұл күні кітапханаға тек «үздік оқырмандар» ғана емес, олардың достары да келді. Мереке оқырмандардың достығын нығайтып, оқу мен кітапханалардың қажеттілігі мен пайдасын растады.

Вернуться назад