"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

25 Желтоқсан 2019

«Өмірде ақындардың бәрі жалғыз»


     Биыл қазақ поэзиясының падишасы, мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл. С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Өмірде ақындардың бәрі жалғыз» поэзиялық сағаты ұйымдастырылды. Жастар ақынның махаббат және Отан, өмір мен табиғат туралы шығармаларын оқып,  сиқырлы поэзиялық әлемімен танысты.

     №4 «Сырлас» кітапхана-филиалында «Қазақ поэзиясының анасы» атты әдеби қонақжайы өтті. Кеш барысында 9-сынып оқушылары Әлібек Нұрислам, Ерболқызы Жұлдыз, Сағынышқызы Айшагүл, Сәменбетұлы Дәурен, Русланқызы Баян қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан қазақтың ақын қызы, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген қайталанбас дарын иесінің өлеңдерін көркем жеткізді. Сондай ақ, ақын шығармашылығынан сыр шертетін «Тұнық жырдың тұмары - Фариза ақын» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

     Ақынның бейнесі көзден кетсе де оның жазған әрбір шығармасы тарих беттерінен өшпек емес.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика