"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

21 Қараша 2019

«Ұлт руханиятының үш бәйтерегі» қалалық әдеби – сазды кеш


 

«Бейімбет – Тобылдың өзені,

Сәкен – Арқаның асуы,

Ілияс – Қоңтажының шыңындағы жартасы»

                                                         Иса Байзақов

 

     «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, «Балқаш қаласының Тілдер орталығы» ММ ұйымдастыруымен М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайының үлкен залында қазақтың қайсар үш арысы, ұлттық әдебиеттің қалыптасуына және елдің қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан, аса көрнекті әдебиет өкілдері Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Ұлт руханиятының үш бәйтерегі» атты қалалық әдеби – сазды кеші өтті.

     Бүгінге жеткен мұралары сараланып, жиналғандарға шығармаларынан үзінділер оқылып видеолар көрсетілді. Абай ат.№2 лицейдің 10 сынып оқушылары Абеуов Д., Тоғайбай Н., Бақыт Д. 3 тұлғаны сомдап, кештің шымылдығын ашты. Ә.Мусин ат. БГТК патриот жастары Канафин Қ., Арғынғазы Н., Елшібеков С. және №7 мектеп-гимназиясының үгіт – насихат тобы үш арысқа арнаған жырларын оқып, «Сәкен - сұңқар» әнін шырқады. «Өнер» мектебінің дәстүрлі ән сыныбының педагогы Жасымхан Н.Т. «Тау ішінде», Ә.Мусин ат. БГТК студенті Әбілғазы Ә. орындауындағы «Көкшетау» әндері көрермендердің көңілінен шықты. Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров қазақ халқының тұңғыш театр мұнарасын, құнды көркемөнер іргетасын өз қолдарынан қаласып, берік тұрғызғандар. Ойын-сауық орталығының қызметкері М.Утенованың жетекшілігімен Б.Майлиннің «Шұға» пьесасынан театрландырылған көріністі кітапхана мен мәдени сауық орталығының қызметкерлері сахнаға шығарды. Ел арасына таныла қоймаған «Бейімбет пен Шолпан қыздың айтысы» өлеңінен үзіндіні Шаймерденов А. мен Кулымжанова Г. әдемі орындап шықты. Өнер мектебінің «Серпер» ансамблінің сүйемелдеуімен «Қосбасар» әуен күйі орындалып, Ілияс Жансүгіровтың ұлылығын аспандатқан «Құлагер» поэмасының көркем тұстарын  «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжінің 2-курс студенттері Шеш С. пен Балтабеков А. көрермендерге жеткізе білді.

     Үш алыптың қаламынан туған шоқтығы биік туындылар қазіргі уақытқа дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Ұлы даланың ұлы тұлғаларының мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да – кейінгіге үлгі. Халық жүрегінің төрінен орын алған тұлғалар есімі ел жадынан өшпейді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика