"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

29 Қараша 2019

«Ұлт мақтанышы - Елбасы»


     С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық  кітапхананың  ұйымдастыруымен Балқаш сервис колледжінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлт мақтанышы - Елбасы» атты шара өткізілді. Кітапханашы Д.Жаркымбекова студенттерге Елбасының өмірі мен еңбек жолы, қазақ елін әлемге танытудағы орасан зор еңбегін мақтанышпен әңгімелеп берді. Жастар Елбасы жайлы өз ойларын ортаға салып,   бейнефильм тамашалады. Қазақстан тарихына арналған викторина сұрақтарына студенттер қызығушылықпен жауап беріп, жақсы білімдерін көрсетті.

     А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» видеожурналы әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ар мен намысты биік ұстаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саяси өміріне арналды. Шараға Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің  7,8 сынып оқушылары қатысты. Видеожурнал «Тұлғаның қалыптасуы», «Айбынды Президент», «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» атты 3 парақшаны қамтыды.  Оқушылар қазақ елі үшін аянбай қызмет еткен, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге өзінің білімі мен жігерін аямаған тұңғыш Ел Президенті туралы көрсетілген слайд, бейнежазбалардан жан-жақты түсінік алып, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегіне  талдау жасау арқылы білімдерін толықтырды. Шара Азаматқызы Шырынның орындауындағы  «Қазақ елі осындай» әнімен аяқталды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика