"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

28 Қараша 2019

BOOK Slam


     Бүгінгі таңда кітапханалар қарқынды даму жолында. Ал пайдаланушылардың күнделікті рухани қажеттіліктерін тиісті деңгейде жан-жақты қанағаттандыру үшін жаңа инновациялық идеяларды енгізу өте қажет. Кітапханалардың жұмысында оң нәтижелерге жету үшін заманға сай жаңа әдіс-тәсілдер  түрлері енгізілуі тиіс.  Осыған орай Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханашылар арасында алғашқы рет бук-слэм (book Slam) (анг. slam – «итермелеу», «бір-бірін ығыстыру») өткізді. Бук-слэм – бұл таңдалған кітапты насихаттау  мақсатында ең үздік «жарнамалық компания» жасау. Қатысушылар белгілі бір уақыт аралығында музыкалық театрландыру элементтерін немесе басқа да тәсілдерді қолдана отырып өз көңіл-күй мен сезімдерін  көрермендерге жеткізе білулері керек болды. Әрине, әр қатысушы тапсырманы үлкен ынтамен орындауға тырысты.   

     Барлық санаттағы оқырмандарды қызықты идеялармен қарсы алып, олар кітапханаға жиі келіп, кітап оқуға деген қызығушылықтары артса кітапханалардың жұмысында қолданылатын инновациялық идеялардың көзделген мақсатына жеткені.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика