"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

06 Желтоқсан 2019

«Сказки матушки гусыни» әдеби саяхаты


Шарль Перроның шығармалары бала кезден баршаға таныс. Етіктегі тапқыр Мысық, саусақтай Кішкене Бала, мейірімді Золушка және басқа да балаларға арналған ертегілер кейіпкерлері туралы кім естімеді дейсіз? Үш ғасыр бойы әлемнің барлық балалары оларды жақсы көреді және біледі.

Ұлы ертегішінің мерейтойының құрметіне А. Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында №17 мектеп-лицейінің 1-4 сынып оқушылары үшін Шарль Перро ертегілерінің әлеміне әдеби саяхатын ұйымдастырды. Балалар белгілі жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы көп қызықты мәлімет алып, ертегілердің сиқырлы әлеміне сапар шекті. Оқушылар «Не? Қалай? Неліктен?», «Ғажайып заттар мұражайы», «Золушка», «Ұйқыдағы ару», «Көк сақал», «Фея сыйлығы» сияқты балалар кітаптарының желісі бойынша әдеби жұмбақтар шешіп, «Етік киген мысық портретін салайық» ойынына белсенді қатысты. Білімге құштар жас оқырмандар сиқырға және қызықты оқиғаларға толы қиял-ғажап ертегі әлемінің мейірімді перизаттарымен және әдемі ханшайымдарымен, зұлым перілер сияқты басқа да әртүрлі кейіпкерлерімен танысып, жаман мен жақсыны айыра білуге үйренді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика