"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

06 Желтоқсан 2019

«Өлең, мен сені аялап өтем» поэзия кеші


     Қоңырат ықшам ауданында орналасқан №5 балалар кітапхана-филиалында  поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Өлең, мен сені аялап өтем» атты поэзия кеші болып өтті. Іс-шара ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыратын бейнефильмнен басталды. Фариза жырлары кейінгі ұрпақты ар-намысқа, ерлікке, нәзіктікке, ананы, әкені, туған жер, адамзатты сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті. Оқырмандар ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, оның шығармашылығы арқылы поэзияның сиқырлы әлеміне саяхаттады. Поэзия кешін А.Кәрімхан М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» әнімен әсерлей түсті. Шара барысында қатысушылар Фаризаның өмірі мен шығармашылығы жайлы сұрақтарға белсенді жауап беріп, автордың шығармалары туралы өз пікірлерін білдірді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика