"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

24 Желтоқсан 2019

Ақпараттық сағат «Мамандық таңдай білесің бе?»


     «Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шүғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!» -деп, ғалым Асқар Жұмаділдаев айтқандай, адам шын жүрегімен қатты қалаған, талпынған ойы міндетті түрде жүзеге асады, ал ол үшін талмай іздену, оқуға ұмтылу қажет. Кітаппен дос болған адамның қай салада болмасын білім көкжиегі кеңейіп, өз-өзіне деген сенімділігі арта түсері сөзсіз. Осы орайда жас жеткіншектердің мақсаттарының айқындала түсуін бір қадам жақындату ретінде А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы «Мамандық таңдай білесің бе?» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Шара барысында кітапхана қорындағы әртүрлі мамандық иелеріне қатысты кітаптар таныстырылып, қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар иелері туралы ақпараттар берілді. №2 Абай атындағы мектеп-лицейінің оқушылары «Мамандықты қалай таңдау керек? », «Осы өмірдегі менің орным қандай?» «Маман иесі қалай жұмыс істейді?», «Мамандық таңдауда қателеспеу» сұрақтарының төңірегінде пікірлері мен көзқарастарын ортаға салды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика