"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Желтоқсан 2019

«Сырлы қалам» иллюстрациялық суреттер байқауы


     №1 кітапхана-филиалында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қазақстан жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» шығармасы бойынша ұйымдастырылған «Сырлы қалам» иллюстрациялар байқауы өткізілді. Байқауға қаламыздың  Өнер мектебінің оқушылары және оқырмандарымыз қатысып, үміткерлердің шығармашылық жұмысын қазылар мүшесі бағалады. Іс-шара «Оқырмандарға сұрақ», «Суреттер сыры» атты екі кезеңнен тұрды. Сурет байқауына қатысқан оқушылар тарихи аңыз-әңгімедегі оқиғаларды, ондағы кейіпкерлердің сезімдері мен жан дүниесіндегі толғаныстарын өздері салған суреттерінде шеберлікпен бере білді. Байқаудың қорытындысы бойынша I-дәрежелі дипломмен Т.Нургалиева, II-дәрежелі Д. Муратова, Е.Тілек III-дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық  қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика