Жаңалықтар
15 Қараша 2019 «Қазақстан ұлттық валютасы – теңге» әңгіме
№2 кітапхана-филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №16 ЖББ мектебінің 11-сынып оқушыларымен бірлесе отырып, Қазақстан валютасының туған күніне орай «Қазақстан ұлттық валютасы – теңге» атты тақырыпта әңгіме өткізілді. Бұл іс-шара арқылы оқушылар төл теңгеміздің шығу тарихы, еліміздің қаржы саласындағы айналымға ену кезі, халықаралық экономикада маңызы туралы мағлұматтар алды. Әңгіме барысында викторина сұрақтарына жауап беріп, теңгенің тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің белгісі ретінде бүкіл халық үшін үлкен маңыздылығы жайлы өзара пікір алмасты.