Жаңалықтар
13 Қараша 2019 «Саяқ осылай басталған...» кездесу кеші
№6 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Горняк» Мәдениет үйінің залында Саяқ кентінің 55 жылдық мерейтойына орай Саяқ кенішінің бас геологы қызметін атқарған еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген барлаушысы, бірінші кен орнын тапқыш, «Кенші даңқы», «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері, Балқаш қаласының Құрметті азаматы, құрметті зейнеткер Нәбиев Ерлан Ражанұлымен «Саяқ осылай басталған...» атты кездесу кеші өтті. Шараға №6 ЖББ орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен «Горняк» Мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында кенді өлкенің ашылу тарихы жайында және кеншілердің өмірінен қызықты деректер айтылды. Кездесу сұхбат түрінде өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Ерлан Ражанұлының өмірі болашақ үшін үлгі, жастарды патриоттыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Ол кісі әлі де болса ауылымыздың келешек тағдыры үшін алаңдап, қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Кеш соңында қонаққа «Горняк» Мәдениет үйінің атынан естелік сыйлық тарту етіліп.