"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

05 Қараша 2019

Гүлшат кентіндегі № 7 кітапхана-филиалына шығу


      2019 жылдың 1 қараша күні жұмыс тобы, құрамында кітапханаларды дамыту және әдістеме жұмысы секторының әдіскерлері Ф.М.Қасенова, Н.К.Кабызова, автоматтандыру бөлімінің программист-кітапханашысы Б.Е.Бозова, шаруашылықты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К.С.Рыспекова Гүлшат кентінде орналасқан №7 кітапхана-филиалына әдістемелік және жалпы көмек беру мақсатында  барып қайтты. Кент әкімі  М.Шохметов кітапханаға көмектесіп, жағдай жасап отырады.

      Жұмыс тобы кітапхананың негізгі құжаттарын (жұмыс күнделігі, оқырман формуляры, есепке алу дәптері), жалпы кітап қорын салалар бойынша авторлық белгінің өсу ретіне байланысты, көркем əдебиетті алфавиттік көрсеткіш бойынша қойып, кітап көрмелерін жасауға көмек берді.

     Осы сапар кезінде ескі компьютер ауыстырылып, жүйе қайта орнатылып, офистік бағдарламалар пакеті, браузерлер, офистік және Avast бағдарламалары жаңартылды.

      Жұмыс барысында  кітапханашы К.Мугмановаға заман талабына сай біліктілігін өз бетінше жоғарылату мақсатында көп жұмыс жасау, оқырмандармен жеке жұмыс,  көпшілік іс-шараларды түрлендіру, компьютерлік сауаттылығын көтеру керектігіне ұсыныстар берілді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика