"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Іс-шаралар тізімі

Мұрағат

Жаңалықтар

31 Қазан 2019

«Іске - диалог арқылы» семинары


       Бүгінгі таңда кітапхана жаңа бастамаларды іске асыруға мүмкіндік беретін аумақ ретінде қарастырылып, оны қызметкерлер оқырмандар үшін қызықты  және білім өрісін кеңейтуге жайлы жер етулері керек. Осыған байланысты, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Кәсіби құзыреттілікті арттыру - мамандарды сапалы даярлаудың маңызды шарты» жобасы аясында ОКЖ қызметкерлеріне арналған «Іске - диалог арқылы» атты семинары өтті.  Семинардың бірінші бөлімінде модератор кітапхана көрмелерін ерекше рәсімдеу арқылы нақты және әлеуетті оқырманға әсер етудің жаңа түрлері туралы әңгімеледі. Көрмелерді безендіру тәртібі және жіберілетін қателіктер туралы  талқыланып, «Кітапханалық көрме қандай болуы тиісті» мәселесі қарастырылды. Ұсынылған презентацияда креативті безендірілген көрмелердің мысалдары көрсетілді. Екінші бөлімде «Идеяң бар ма? Онда, іске асыр» атты идеялар жәрмеңкесінде қатысушылардың ойлап тапқан немесе интернет торабынан алынған әдістері кітапхананың тактикалық және стратегиялық міндеттерін шешуге таңдалынып, қызметтің жаңа формалары мен бағыттары қарастырылды. Біз әр қатысушы осы шарадан өзіне қажетті пайдалы ақпаратты алып, білімдерін кеңейтіп, алдағы жұмыс жоспарына жаңа бағыттар белгіледі деп үміттенеміз.

 

Вернуться назад