"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

30 Қазан 2019

«Жазасыз қылмыс жоқ» ашық әңгіме


     Бүгінгі таңда «Жазасыз қылмыс болмайды» тақырыбы қоғамда өзекті мәселеге айналды, себебі жастар өздерінің жасайтын құқықбұзушылық іс-әрекеттері ертеңгі күні ауыр зардаптарға алып келетінін түсіне бермейді. Балқаш көпсалалы колледжінде өткізілген «Жазасыз қылмыс жоқ» атты ашық әңгіме жастар аудиториясын бей-жай қалдырмады. Шараның негізгі мақсаты жастарды қылмыс жасауға итеретін басты себептерден сақтана білуге үйрету.

    С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері студенттерді негізгі азаматтық құқықтары мен міндеттері және оларды қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы түсіндірді. Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция капитаны Жукин Ерсын Мадиевич қатысушыларды қаладағы құқықтық тәртіп бұзушылықтармен таныстырды.

      Қатысушылар да үлкен белсенділік танытып, өз пікірлерімен, құқық және заңдар саласындағы білімдерімен бөлісті.

      Жас ұрпақ заңға қарсы жасалынатын бұрыс әрекеттердің салдары туралы тағы да ойланады деп үміттенеміз, себебі әрбір адамның болашағы және амандығы заңға бағынуларына байланысты.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика