"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

25 Қазан 2019

«Ғажайып өсімдіктер әлемі» экологиялық лотосы


     Табиғат - біздің ортақ үйіміз, тіршіліктің отауы. 25 қазан күні №2 кітапхана-филиалында №17 мектеп-лицейінің 8 «Б» сынып оқушылары қатысқан «Ғажайып өсімдіктер әлемі» атты экологиялық лотосы ұйымдастырылды. Ойын шарты бойынша қатысушылар «Изумрудная планета» және «Хранители природы» командаларына бөлінді. Сайыс келесі қызықты кезеңдерден тұрды: «Сәлемдесу», «Жаттығу», «Мақал-мәтел жина», «Ребусты шеш», «Әуенді тап», «Сөзжұмбақты шеш», «Жас жазушы». Бірінші «Жаттығу» кезеңін командалар өте белсенді бастап, одан әрі де жоғары қарқынмен жалғастырды. Командалар арасындағы өткір бәсекелестікте әр ұпай үшін күрес өрши берді. Ал ең есте қаларлық және қызықты өткен кезең «Әуенді тап» сайысы болды, онда командалар әнде қандай өсімдік туралы шырқалғаны және оның орындаушыларын айтты. Осы қызықты өткен экологиялық лотода «Изумрудная планета» командасы барлығын жеңіп шықты. Бірақ екі команда да өз білімдерін, іскерліктерін және қабілеттерін жоғары деңгейде көрсеткені туралы айта кеткен жөн. Шара соңында барлық қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика