"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

24 Қазан 2019

«Балалар әдебиетінің саңлағы»


     Қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді бейнелеудің өзгеше бір жолын тапқан дарынды жазушыларымыздың бірі Бердібек Соқпақбаевтың биыл 95 жас мерейтойы.

       С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері №9 орта мектебіне барып оқушыларға «Балалар әдебиетінің саңлағы» атты әдеби әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында  Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын балалық шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайтыны жайлы айтып, «Менің атым Қожа» кітабының желісі бойынша түсірілген кинофильмнен үзінді көрсетілді.  Сонымен қатар, кітапханашылар дайындаған сауалнамаға оқушыларымыз мүдірместен жауап беріп, өздерінің жазушының шығармаларын қаншалықты оқығандықтарын көрсетті. Бұл шара оқушылардың ұстанымы  мен жоғары адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыруға және әдеби көзқарасының дамуына  үлкен әсерін тигізді.

       №3 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен №2 М.Русаков атындағы мектеп-интернатында  «Балалар әдебиетінің классигі» атты әдеби үзіліс өткізілді. Бұл шараны  кітапхананың тұрақты оқырманы Курушпаева Аида бастап, оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Осы әдеби үзілісте жас оқырмандарымыз   6 «Ә» сыныбының оқушылары Джумашев Н., БолатбековаТ. «Менің атым Қожа» фильмінен көрініс көрсетті. Қатысушылар повесть желісі бойынша «Кім жүйрік» мінездемелік тақырыбындағы сұрақтарға жауап іздеп, белсенділік танытты. Соңында балалар ойға түйгендерін ортаға салып, Бердібек Соқпақбаевқа арналған «Бәйтерек» өлеңін Талғатова М. мәнерлеп оқыды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика