"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

23 Қазан 2019

«Сыр сандықты ашып қара, сырласым» байқау


     М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының «Ақ Отау» залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен жастарға өнеге болған және рухани бағдар берген жазушы, ақиық ақын, көрнекті мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Сыр сандықты ашып қара, сырласым» атты қалалық байқауы  өтті.

     Қазақ халқының маңдайына біткен біртуар тұлға Сәкен Сейфуллиннің өнегелі ғұмырын насихаттау, дарынды жастарды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін ашу байқаудың басты мақсаты болды. Қазақ халқының дарынды ұлының шығармалары қазақстандықтардың жас буынын өз елі мен мемлекеттік тілін құрметтеуге үйретеді, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады.

     Байқауға 15-25 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Байқау екі номинация бойынша өткізілді: «Сәкенге арнау» номинациясында қатысушылардың сөйлеу мәнерлігі, орындау ерекшеліктері, тақырыпты аша білуі бағаланды, ал «Сәкеннің әндерін орындау» номинациясында - вокалдық, орындаушылық және актерлік шеберліктері, сахнада өзін ұстай білулері сыналды. Қатысушылар қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған ақынның сыр сандығына үңіліп, сарқылмас дариясын терең аша білді.

   «Тілдер орталығы» КММ директор орынбасары Жарылғап М.С., «Балқаш өңірі» газетінің редакторы Аманқұлов Қ.С., мәдени-сауық орталығының қызметкері Садуақасов Е.Б. кіретін қазылар алқасының шешімімен «Сәкенге арнау» номинациясында 1 дәрежелі дипломмен  Нұрзат Тоғайбай (№2 Абай атындағы лицей), 2 дәрежелі дипломмен Мадина Мұғиын (Ә.Мусин ат. БГТК), 3 дәрежелі дипломмен Диляра Ғалымқызы (ЖББ №9), «Сәкеннің әндерін орындау» номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен Салтанат Кеңес (ЖББ №16), 2 дәрежелі дипломмен Әлібек Әбілғазы (Ә.Мусин ат. БГТК), 3 дәрежелі дипломмен Адай Мағаз (Ә.Бөкейханов ат. №15 мектеп-лицейі) марапатталды.                       

     Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика