"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

18 Қазан 2019

«Рухани келісім - бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі» өзара сұхбаттасу сағаты


     18 қазан күні Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтеді, ол еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі. Осы күні жасалған игі іс-әрекеттер қоғамда достық пен тұрақтылықтың негізін нығайтады.

     С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері №10 орта мектебіне барып оқушыларға «Рухани келісім - бейбітшілік пен тұрақтылықтың жолы» атты өзара сұхбаттасу сағатын өткізді. Кітапханашы Узбаева М. балаларға бір-біріне жүрек жылуын беру мен мейірімді болудың адам бақыты үшін маңыздылығын түсіндірді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан берекелі бірліктің арқасында татулығы жарасқан, ауыз бірлігі мен достастығы үйлесімін тапқан елге айналғаны туралы ерекше айтылып өтті. Сонымен бірге қатысушыларға слайдтар мен «Қазақстан рухани бірлік жолында» атты деректі фильмі көрсетілді.

     Кездесу жылы әрі шырайлы өтті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың интеллектуалды және белсенді азаматтық ұстанымы мен жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға және рухани дамуына үлкен әсерін тигізеді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика