"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

15 Қазан 2019

Ақиық ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай


      Ақиық ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай мұра болып қалған шығармаларын насихаттау барысында №1 кітапхана-филиалында «Сәкен - дала перзенті» поэзиялық сағаты өткізілді. Айтулы шараға Абай атындағы №2 лицейдің кітапханашысы Болғанбай Хапура және 8 сынып оқушылары қатысты. Ақынның саяси қайраткерлік қыры, қазақ қоғамын құруға атсалысқан кезеңдері жайлы айтылып, деректі фильм көрсетілді. Осынау тәрбиелік тұрғыдан мәнді де құнды шарада Абдуразахова Ж., Каркунова А., Кенжебеков Б., Тлеубай А., Жұмадилова З., Маратова А. ақиық ақынның  өлеңдерін оқыды.

      №3 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен №7 мектеп-гимназиясында10 сыныптар арасында «Дала дауылпазы – Сәкен»   әдеби-интеллектуалды ойын өткізілді. Әдеби сайыс «Бәйге», «Мәнерлеп оқу», «Ғажайыптар» атты кезеңдерден тұрды. «Бәйге» атты бөлімінде ақынның өмірбаяны мен шығармашылығынан  викториналық сұрақтарға жауап беріп, келесі кезең «Мәнерлеп оқуда»   ақыл - парасаттың кемел иесі ақынның жарқын жырларын, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Үшінші кезең «Ғажайыптар» бөлімінде сайыскерлер ақынның «Көкшетау» поэмасы бойынша үш тақырыптағы ұяшықтарды таңдау арқылы, шығармасына талдау жасады. Шара соңында ақынның «Тау ішінде» әні айтылып, бейнебаян ұсынылды. Жеңіске жеткен  топ кішігірім сыйлықтармен марапатталды.

       Қоңырат ықшам ауданында орналасқан №5 балалар кітапхана-филиалында «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы»  әдеби кешке ЖББ №25 мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысты.  Іс-шара барысында оқырмандар кітапханашылар дайындаған ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған слайдты тамашалады. Оқушылар «Көркем сөз шеберлері» атты ақын өлеңдерін  нақышына келтіріп, мәнерлеп оқудан сынға түсті. «Сырлы сұрақ, ұшқыр ой» тақырыбында викториналық сұрақтарға жауап беріп, ақынның «Көкшетау» поэмасына жазылған әнін А. Кәрімхан орындады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика