"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

15 Қазан 2019

«Үйшік» ертегісінен сахналық қойылым


       Халықаралық мүгедектер күні - бұл ерекше көмек пен қолдауды қажет ететін, денсаулығы әлсіз балалардың тағдырына назар аударудың тағы бір мүмкіндігі.

     Игі дәстүр бойынша қазан айында Қоңырат ықшам ауданында орналасқан №5 балалар кітапханасының қызметкерлері әлеуметтік қызметкер Г.Т.Умутчаковамен бірігіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. «Үйшік» ертегісі бойынша сахналық қойылымда ролдерді балалардың өздері ойнады. Олар кейіпкерлердің мінез-құлқын келтіріп, диалогтарды интонациямен  айтуға бар ынтасын салды. Қойылым барысында барлық балалар жағымды әсер мен жақсы эмоцияларға бөленді.

     Ал, Айзада Саттарова, Хадиша Темірбек және Кәусар Нұрланқызы аналары өз қолдарымен тігіп берген «Алтын күз» тақырыбындағы ерекше киімдерді ынта-ықылас және грациямен ұсынды. Айнұр Игембай мен Олжас Асқар болса көңілді ән мен тамаша би сыйлады. Сондай-ақ, балалар түрлі-түсті пазлдар мен саңырауқұлақтарды себетке жылдамдық және ептілікпен көңілді жинады.

       Іс-шара соңында ЖББ №25 мектептің 8 «А» сынып оқушылары балаларға қазақ халқының биін сыйға тартып, барлығы бірігіп флешмоб биледі. Өте қызықты әрі көңілді өткен мерекеде балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика