"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

10 Қазан 2019

«Қазақ әдебиетінің құзар шың қаламгері» оқырмандар конференциясы


      Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Қазақ әдебиетінің ұшқыр ойлы, қаламгер жазушысы Ә.Кекілбаевтың әрбір шығармасы - классика. Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, сондай-ақ, қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, поэзияға деген қызығушылығының әрі қарай дамуына мүмкіндік туғызу мақсатымен А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында Әбіш Кекілбаевтың «Қазақ әдебиетінің құзар шың қаламгері» атты оқырмандар конференциясы өтті. Рухани шара барысында кітапханашы заманымыздың заңғар тұлғасының өмірі мен шығармашылығына тоқталды, сонымен қатар, «Кемел елдің кемеңгер қаламгері» атты тақырыптық кітап көрмесі және слайд дайындалып, жазушы өмірі мен шығармашылығынан бейнекөрсетілім ұсынылды. ЖББ №16 мектеп оқушылары тарапынан Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының шеңберінде үстіміздегі жылға таңдалған «Аңыздың ақыры» романының қазақ әдебиетіндегі алатын орны сөз етіліп, оқушылар роман құндылығын, терең мазмұндылығын жеткізе білді. Конференция соңында аталмыш роман жан-жақты талқыланып, саралану арқылы оқырмандар өзіндік ой түйіп қорытындыланды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика