"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

01 Қазан 2019

«Толағай ақын, толастамас жыр иесі» шығармашылық сағаты


     Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ірі тұлға, талантқа бай Сыр елінің саңылақ ұлы, әдебиеттанушы, ақын Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына орай А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы «Толағай ақын, толастамас жыр иесі» атты шығармашылық сағатын өткізді.

     Жауһар жыр иесі, әдебиетіміздің абызды ақыны Ә.Тәжібаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы оқушыларға мағлұмат беріліп, «Өмір жолы» атты бейнебаян көрсетілді.                                                        

      Шара соңында слайд арқылы ақынның шығармашылығы туралы қойылған сұрақтарға оқушылар белсене жауап беріп, ақынның «Тауда», «Мен», «Сырдария», М.Мақатаевтың «Әбділдаға» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

 

Вернуться назад