"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

24 Қыркүйек 2019

«Bookdating - кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы аясында «Бәрі де өз қолыңда» атты іскерлік алаңы


     №1 кітапхана-филиалында «Bookdating – кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» ОКЖ жобасы аясында «Бәрі де өз қолыңда» атты  іскерлік алаңында асқақ армандарын жүзеге асырған  жандар бас қосты.

   Алаң қонақтары Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы КММ жас маманы Амантай Жаннұр Каукербекқызы, 2018 жылғы қала әкімінің «Өркен» сыйлығының «Жастар лидері» номинациясының жеңімпазы Елшібеков Сержан Халмақанұлы және кездесу спикерлері жас кәсіпкерлер «Балхашские блины» павильонының иесі Байтөкешова Гүлшат Қайратқызы, «Барбершоп» заманауи шаштаразының басшысы Даданбаев Шыңғыс Серікболұлы, «Littlewood» (литлвуд) ағылшын тілін үйренейік орталығының басшысы Барлан Оралхан Дәулетұлы.

      Кездесудің басты ерекшелігі Bookdating – кітапсүйер қауымның басқосуы. Іскерлік алаңының  қатысушылары спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, табысқа жетудің көптеген құпиялары туралы, өз бизнесін бастау жолдары, мықты кәсіпкер болудың қыр-сыры жайлы білді. Спикерлеріміз өз армандарына қалай қол жеткізгендері жайында айта отырып, кітап оқу бойға сенімділік ұялатады, шығармашылықты дамытады деген тұжырымға тоқтала келе оқыған сүйікті кітаптарымен бөлісті. Кездесу соңында «Сіз оқитын 10 кітап» атты буклеттер таратылды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика