"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

20 Қыркүйек 2019

«Лаңкестік: кеше, бүгін, ертең» өзекті мәселелер сағаты


   Бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша экстремизм мен терроризмнің таралу қаупі жаһандық проблема болып табылады.

    А. Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ 7 сынып және ЖББ №5  орта мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Лаңкестік: кеше, бүгін, ертең» өзекті мәселелер сағаты өткізілді. Оқушыларға терроризмнің шығу тарихын айтып, соңғы онжылдықтағы ең танымал терактілерді еске алды. Оқушылар назарына бүкіл әлем бойынша осындай фактілер туралы бейнеролик ұсынылды.

   Сондай-ақ, ақпараттық насихат тобының мүшесі найб-имам Ахмадулла Валиев жас ұрпақты ұлтты, рухани мәдениетті және Ұлы Дала елінің бай мұрасын жоюға бағытталған ұйымдардан аулақ болуға шақырды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика