"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

18 Қыркүйек 2019

«Жай заттан ерекше бұйым» шеберлік сағаты


     Мүмкіншілігі шектеулі жандар үнемі өзінің қажеттілігін, әлеуметтік әлсіз қорғалуын, қоғамнан алшақтығын сезінеді. Олардың лайықты өмір сүру құқығын нақты мазмұнмен толтыруға моральдық қолдау қажет. Осы орайда Қоңырат ықшам ауданында орналасқан №5 балалар кітапхана-филиалында ерекше балаларды сау балалардан оқшауламай, бірге жұмыс жасап келе жатқан «Күншуақ» клубы балалармен бірге «Жай заттан ерекше бұйым» атты шеберлік сағаты өтті. Бұл күні мүмкіншілігі шектеулі балалар белсенділік танытып, өздеріне ұнаған бұйымдарды жасап, қуанышқа бөленді. Олар пластикалық ыдыстардан, бутылкадан түрлі бұйымдар жасап шығаруға тырысты және нәтежесінде тамаша заттар жасап шығарды. Бүгінгі іс-шарамызда жасалған жұмыстар балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ұсақ моторикасын дамытып қана қоймай, өз істеріне деген сенімділігін арттырды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика