"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

17 Қыркүйек 2019

«Нашақорлық - қауіпті құмарлық» экспресс-талқылау


   Біздің қоғамды қатты мазалайтын өткір проблемалардың бірі - нашақорлық. Адам баласын тура жолдан тайдыратын күллі өмірін тас-талқан ететін нашақорлық дерті халыққа, қоғамға, мемлекетке қауып төндіретіні сөзсіз. Салауатты өмір салтын насихаттау және балалардың есірткі заттардан алшақ жүрулерін тәрбиелеу мақсатында А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында №3 мектеп-интернатының 9 сынып оқушылары үшін «Нашақорлық - қауіпті құмарлық» атты экспресс – талқылау өткізілді.

    Балалардың назарына пайдалы әдеттер туралы, темекі шегу мен алкогольдік ішімдік қабылдау, нашақорлық және токсикомания сияқты денсаулыққа қауіпті заттардың зардабы жайлы презентация ұсынылды. Жасөспірімдер әңгімеге белсенді араласып, зиянды әдеттер адамның денсаулығы мен мінез-құлқына қалай зиян ететіндігі туралы өмірден мысалдар келтірді, өз өмірін алкогольді және басқа да жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынумен байланыстырудың өте қауіпті екені туралы ойларын айтты. Іс-шара соңында әр қатысушыға салауатты өмір салты жайлы ақпараттары бар буклеттер таратылды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика