"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

05 Қыркүйек 2019

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні.


      5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл күн «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» - деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.  Елімізде, сондай-ақ, біздің қаламызда  да тілдер мерекесі лайықты аталып өтуде.

    Осыған орай, №1 кітапхана-филиалында «Ана тіл - жүрек үні» ашық әңгіме алаңы болып өтті. Қатысушылар өз Ана тіліне деген сезімдерін әдеби тілдің шеберлерінің өлең шумақтарын мәнерлеп, жүрекке жеткізіп оқу  арқылы білдірді. Ашық әңгіме алаңы барысында қатысушылар «Тіл» туралы мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің жалғасын табу бойынша сайысқа түсті.

     №3 кітапхана-филиалы №53898 әскери бөлімімен бірлесе отырып, «Бабалар тілі – сарқылмас бұлақ» танымдық сағатын  ұйымдастырды. Іс- шараға әскери бөлімнің қызметкерлері Генш А., Уразов А., Жүнісов А., Яфарова Л. белсене қатысып, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқып, патриоттық әндер шырқалды. Ғалымның өмірі мен шығармашылығы және ауыр тағдырынан сыр шерткен деректі фильм көрсетілді. Тіл туралы мақал–мәтелдерден қызықты викторина, «Латын әліпбиінде жаза білеміз» атты тақырыптық ойын ұйымдастырылды.

      №5 балалар кітапхана-филиалында «Тілім менің-қазынам, қасиетім» деп аталатын зияткерлік-танымдық ойынының ойдағыдай өтуіне ЖББ №25 мектептің ұстаздары мен оқушылары  атсалысты. Барлығы 4 кезеңнен тұратын ойын тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар екі топқа бөлініп, «әдебиет айдынында», «шешендік сөздер», «тіл деп соққан жүрегім», «жеті жұрттың тілін біл»  кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Әр кезең тапсырмалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, қазақ ақындарының ана тілі туралы өлеңдерін оқып, би-шешендердің жұмбақтарын шешіп, мақал-мәтелдердің түсіп қалған сөзін қазақша, орысша, ағылшынша нұсқасын тауып, балалар өз білімдерін ортаға салды. Екі топ та өздерінің осал емес екендіктерін байқатты. Сайысқа баға берушілер екі топты тең деп бағалап, оларды ескерткіш сыйлықтармен марапаттады.  Балаларға терең біліммен қатар, саналы  тәрбие беретін кітапхана ордасында тілге деген құрмет, патриоттық бағыттағы тәрбиелік шаралар жалғасын  таба бермек. 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика