"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

05 Қыркүйек 2019

«Жаз кітаппен бірге көңілдірек» жазғы оқу қорытындылары


    А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Жаз кітаппен бірге көңілдірек» атты жазғы оқу қорытындылары шығарылды. Көптеген жылдар бойы кітапхана өз оқырмандары үшін жазғы оқу конкурстарын өткізуде. Жас пайдаланушылар үшін «Біз Сіздің жазыңыз кітаппен нұрланғанын қалаймыз" атты қызықты әдебиеттердің ұсынымдық тізімі жасалды, сонымен қатар, «Жаз, кітап, мен – доспыз» буклеті мен «Жүзетін, ызылдайтын, мияулайтын және үретіндер туралы» кітап бетбелгісі шығарылды.

   Каникулға қарамастан, балалар іс-шараларға қуана қатысып,  қызығушылықпен тыңдап, өздері де дауыстап оқыды, жаңадан шығарылған балалар журналдарымен танысты. «Үстел ойындары салонында» ойнап, мультфильмдерді тамашалады. Бірақ жаз тез өтіп кетті де, «Жаз кітаппен бірге көңілдірек» атты жазғы оқу жеңімпаздарын анықтау уақыты келді.

   Жаз кезінде 58 кітап оқыған Алиса Беляева («Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернаты) көшбасшы болып атанды. Сонымен бірге бағдарламаның белсенді қатысушылары Юлия Журавлеваны, Алия Джумажанованы(№4 ЖББ), Данила Финко, Рамина Риф (№1 ЖББ), София Смагулованы, Амина Кенжебекованы, Ксения Старостинаны, Альбина Зырянованы ( «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернаты) айта кеткен де жөн.

   Барлық жеңімпаздар, қатысушылар мадақтама қағаздары және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Вернуться назад