"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

05 Қыркүйек 2019

ҚР Конституциясы күні - халқымыз үшін маңызы зор мереке.


    ҚР Конституциясы күні - халқымыз үшін маңызы зор мереке. Осыдан 24 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата заңымыз Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады. Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды.

     Осы мерекеге орай, А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Кішкентай азаматтардың үлкен құқықтары» атты сюжеттік таным ойыны өтті. Оқушылар Ата заңымыз туралы көптеген мәліметтер алып, слайдтан қызықты сюжеттер көру арқылы өздерінің білім деңгейлерін арттырды және өз құқықтары жайлы слайдпен көрсетілген сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Әрбір адамзат құқықтарын пайдаланып қана қоймай өз міндеттерін де білуі, орындауы керек екенін білді. Сонымен қатар, «Кім жылдам?», «Жалғасын тап» атты викториналық сұрақтарға белсене жауап берді. Шара соңында ЖББ №5 мектептің 5-сынып оқушысы Азаматқызы Шырын «Менің Қазақстаным» атты әнін орындады.

     №1 кітапхана-филиалында «Ертеңгі елдің Ата заңы!» сұрақ-жауап алаңы өткізілді.  Іс-шара барысында оқырмандарымызға Ата заңымыздың  қалыптасуы, негізгі ерекшеліктері және сипаты туралы ақпарат берілді. Тарихқа көз жүгіртіп, қысқаша бейнеролик көрсетілді. Сұрақ-жауап алаңында қатысушыларымызға тақырып төңірегінде сұрақтар қойылды. Жұмабек Ә., Бейсекова Б. өздерінің Конституция баптарын жақсы білетіндігімен ерекшеленді.

      №2 кітапхана–филиалында «Ата заңымыз – елдігіміздің асыл тірегі» викторина ойыны өткізілді. Іс-шара кезінде оқырмандар викторина сұрақтарына жауап беріп, Ата заң туралы түсініктерін кеңейтті. Қатысушылардың назарына «Ата заңды ардақтайық!» атты
кітап көрмесі ұсынылды.

     №3 кітапхана-филиалы «Заңды білу – заман талабы» құқықтық сағатын ұйымдастырды. Шара барысында  конституциялық-құқықтық жауапкершілік, конституция мен тұлға, адам құқықтары мен бостандықтары жайлы сөз қозғалып,  оқырмандар осы ұғымдар туралы пікірлерін айтып, оқырмандардың назарына тақырып бойынша сұрақтар ұсынылды. Іс-шараға  қатысушылар ҚР Конституциясын сақтау және өз елінің нағыз азаматы болу үшін барлық күш-жігерді салу керектігін айта кетті. «Ата заң – мемлекеттің негізі» атты кітап көрмесі таныстырылды.

      Қоңырат ықшан ауданының №5 кітапхана–филиалында  «Ата заң – елдің айбыны, еркіндігі, байлығы» атты құқықтық сағат болып өтті. Бұл күні кітапханамыздың тұрақты оқырмандары арасында заң саласына және тәуелсіз еліміздің тарихына байланысты  «Сен Ата Заңды білесің бе?» тақырыбында  викториналық сұрақтар қойылып, оқырмандарымыз батыл да, нақты жауаптарын бере білді. Шара соңында балалар патриоттық өлеңдер оқыды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика