"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Тамыз 2019

«Күштілер мен ептілер» спорттық сайыс


     Жаз мезгілі де аяқталып келеді, бірақ жылы күн балаларға әлі де қуанышты көңіл күй сыйлауда. Балалардың жазғы демалыстары өте қызықты өтуде. Балаларды серпілтіп, жүгіртіп, ойнатып, қызыққа бөлейтін спорт күні де келіп жетті. Балалардың  спортқа деген қызығушылығын арттыру, олардың бос уақыттарын мазмұнды өткізу мақсатында Қоңырат ықшамауданының №5 балалар кітапхана-филиалы ЖББ№3 мектептің спорт алаңында ЖББ №3, ЖББ №25 мектеп оқушылары арасында спортқа жақын балалармен бірге «Күштілер мен ептілер» атты спорттық сайыс өткізді.  Балалар екі командаға бөлініп, «доппен секіру», «ат жарысы», «арқан тартыс», «қаптың ішінен өту» сияқты  ойын түрлерінен сайысқа түсті. Ойын барысында  олар бір-біріне лайықты, тең қарсыластар екендіктерін дәлелдей түсті. Екі команда да тырысты, бірақ баға беруші қазылар алқасы достық жеңді деп шешті. Бұл іс-шара балалар үшін нағыз мереке болды. Олар ең бастысы сергектік қуатын алды, үйлеріне жақсы көңіл - күймен тарасты.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика